"Канело" Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңді
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті. Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер есебі бойынша анықталды. Нәтиже - 116:112, 115:113, 115:113. Жеңіс мексикалық боксшы еншісінде.
Канело Джейкобсты ұтып, үшінші чемпиондық белбеуді иеленді. Енді оның абсолютті чемпион атануы үшін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақты ұтып алуы тиіс.
Лас-Вегастағы бокс кешіне отандасымыз Геннадий Головкин де барды. Жаңа жаттықтырушысымен бірге аренадан тамашалады.