"Канело" чемпиондық атағынан айырылды
Мексикалық боксшы ұйым ұсынған міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге келіспегені үшін жазаланды. Екі тарап келіссөздер жүргізгенмен, бір тоқтамға келмеген.
"Канелоның" командасы украиналық боксшы тарапымен бейсенбі күнге дейін келісімге келуі тиіс еді. Алайда ақша мәселесіне келгенде қос тарап ортақ шешім шығара алмаған.
BREAKING: Sources tell @TheAthleticBOX that negotiations between Canelo Alvarez and Sergey Derevyanchenko are now officially dead. Alvarez has been stripped of his IBF middleweight title after 3 p.m. ET deadline came and went. Sides couldn’t agree on money — Mike Coppinger (@MikeCoppinger) August 1, 2019
Бос тұрған белбеуге рейтингтің көшбасшылары таласуы керек. Тізімге қарасақ "Канелодан" кейін Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин тұр. Яғни осы екеуі жұдырықтасуы тиіс.
- Бұл кездесу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтуі мүмкін деген мәлімет бар. Бірақ, білесіздер, өткен жылы Геннадийге де IBF белбеуі керек болмаған-тұғын. Ол кезде де міндетті қарсылас Сергей болатын. Бірақ Головкин ол жекпе-жектен бас тартты. Енді қалай болады екен? – деп жазады спорт журналисі Уалихан Қосанбай.
"Канело" соңғы рет 4 мамыр күні америкалық Дэниель Джейкобспен жұдырықтасты. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, чемпиондық атақтарын сәтті қорғап қалған болатын.