Канело Альверес неге мықты боксшылармен жекпе-жекке шықпайтынын түсіндірді

Manas Корреспондент
Фото ©️ ©instagram.com/canelo

Қыркүйекте Канело WBA желісі бойынша міндетті қарсылас пуэрториколық Эдгар Берлангамен (22-0, 17 КО) жекпе-жекке шығады. Берланга өз салмағында ең мықты 10 боксшының қатарына кіретіндігіне қарамастан, жанкүйерлер мен сарапшылар Альварестің қарсылас таңдауына наразы.  
 
Сұхбат кезінде Саульге "чемпиондар өзіне қарсылас таңдамай, ең мықтылармен айқасқаны бокс үшін жақсы болмай ма?" деген сұрақ қойды. 

"Қараңыз... Карьерасының бір кезеңінде боксшылардың бәрі солай жасады. Де Ла Хойя, Флойд Мейвезер, Хулио Сесар Чавес, Майк Тайсон да... Бәрі солай істеді... Дегенмен бокста түрлі деңгей бар. Жұлдыздар және супержұлдыздар бар. Ал маңыздысы супержұлдыздар титулдар арқылы пайда болмайды, супержұлдыздар арқасында титулдар пайда болады", - деп жауап берді Альварес. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама