Қанат Исламның кезекті жеңісі

О Сансызбай Корреспондент

29 жастағы Қанат Исламның бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңісі. Осыған дейін 13 кездесуін уақытынан бұрын жеңіп, аяқтаған болатын. Ал бұл жеңіліс 34 жастағы колумбиялық боксшының 29-шы кездесуіндегі 12-ші жеңілісі болып саналды.

Қазіргі таңда Қанат Ислам WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedecaribe  (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулының иегері. Промоутері  – «Nelsons» компаниясының менеджері Нельсон Мендес.

Қазақстандық былғары қолғап шебері келесі он алтыншы кездесуін 14-ші желтоқсанда Майами (АҚШ) қаласында өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: facebook.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама