Қанат Исламның келесі жекпе-жегіне киіп шығатын спорттық киімі белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

"Қанат "QAZAQ" Исламның жəне командасының 26 мамырда рингке киіп шығатын киімі. Киім ақ жəне көк түсті. Қазақы оюмен өрнектелген. АҚШ-тағы бокс кешінің Бас серіктесі Алматы қаласы əкімдігі. Əкімдік 2016 жылы Алматы аренадағы жарыстың өтуіне жағдай жасаған еді. Біз де өз тарапымыздан бүгінде һəм келешекте Алматыны барынша жарнамалап, туристер мен инвесторлардың көптеп келуіне ықпал еткіміз келеді. Сондай-ақ бокс кешінің демеушілері "Zhersu" корпорациясының басшысы, меценат Бауыржан Оспанов жəне "Nuray construction" құрлыс компаниясының басшысы, спорт жанашыры Алтай Айнабек мырзалар", - деп жазба қалдырды боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында. 

Еске салайық, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңілген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама