Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды
Қанат пен Хуан арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Ла Аменаза деген лақап атпен танымал боксшы осыған дейін шаршы алаңда 22 кездесу өткізген. Оның 18-де жеңіске жеткен, 17-ін нокаутпен аяқтаған. 3 жекпе-жегінде жеңіліс тапса, 1 кездесуі тең аяқталған.
Хуан де Анхель соңғы рет осыдан 3 жыл бұрын жеңілген. Мексикалық Гилберто Рамиреске (34-0-0) қарсы жекпе-жекте соңына дейін шыдамай, нокаут алған. Одан кейінгі аралықта 9 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады.
Бүгінде Қанат Ислам Майамиде дайындығын шыңдауда. Отандасымыз соңғы рет 8 қараша күні шаршы алаңға шығып, Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистаны бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген еді.