Геннадий ГоловкинменСауль Канело Альваресарасында өтетін бокс кешіндегі кезекті жекпе-жек аяқталды. Мексикалық боксшыХайме МунгияканадалықБрендон Куктыжеңіп, бірінші орта салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды. 21 жастағы мексикалық боксшы бірінші раундтан бастап-ақ мықтылығын байқатты. Сәт сайын қарсыласын қыспаққа алып, жеңіске бастар жолды іздеді. Нәтижесінде 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 3 раундта аяқталды. Хайме Мунгия айқын жеңіске жетті. Канадалық боксшы қазақ жанкүйерлерінің есінде болса керек. Ол 2017 жылы Астанада Қанат Исламмен жұдырықтасқан болатын. 9 раундта отандасымыз нокаутпен жеңген еді. Бұл Брэндонның спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі еді. Бүгін екінші рет жеңілді. Хайме Мунгия талантты жас мексикалық боксшы. Отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға үмітті. Тіпті мамыр айында кездесіп қалуы да мүмкін еді. Алайда Невададағы Атлетикалық комиссия штаты (NSAC) мексикалықтың тәжірибесі аз екенін мәлімдеп, жекпе-жекке рұқсат бермеген болатын.