Қазақ кәсіпқой боксшысыҚанат Исламамерикалық (тегі литвалық) танымал менеджерЭгис Климаспенжаттығу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ақпарат отандасымыздыңInstagramжелісіндегі парақшасында жарияланды. - Қанат Ислам The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырды. Эгис кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызына айналған Сергей Ковалев, Александр Усик, Василий Ломаченко сынды боксшылармен жұмыс істейді. Қазір Қанат Ислам Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті, - деп жазады. Қанат Ислам 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 ж) және әлем чемпионатының (2007 ж) қола жүлдегері атанды. Эгис Климас танымал боксшылардың талайымен келісімшарттағы менеджер. Онымен келісімдеСергей Ковалев(31-2-1, 27 КО),Василий Ломаченко(10-1, 8 КО),Александр Усик(14-0, 11 КО) бар. Бұлардан өзге қазақстандық боксшыларМадияр Әшкеев, Асхат УәлихановпенМейірім Нұрсұлтановта осы маманмен бірге жұмыс жасайды. Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалықБрэндон Кукты(18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.