Қанат Ислам мен Брэндон Кук салмақ өлшеу рәсімінен өтті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kanat Islam Team

Екі боксшы да бірінші орта салмақта жұдырықтасуға мүмкіндік алды. Брэндон Куктың салмағы 68,45 келі болса, Қанаттың салмағы 69,7 келі болды.

Қос боксшы бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атақтарына таласады.

Бокс кеші Астанадағы республикалық "Сарыарқа" велотрегі кешенінде өтеді. Сондай-ақ бұл бокс кешінің андеркардында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар — Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3 КО), Әли Ахмедов (7-0,5 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1 КО). Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама