Қанат Ислам қыркүйектегі жекпе-жегіне дайындығын бастады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

- Қанат Ислам 9 қыркүйекте болатын жекпе-жекке дайындықты бастады. Қазір QAZAQ Алматы облысындағы AIBA бокс академиясының базасында жаттығуда. Қарсыласын 2-3 күнде жариялаймыз. Әзірге келіссөз жүргізілуде. Қанат Исламның жекпе-жегі 9 қыркүйекте Астана қаласындағы Сарыарқа велотрегінде өтеді. Жекпе-жекте 9 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді деп күтілуде. 9 қыркүйекте Астанада жойқын дауыл болады! – деп жазды Берік "facebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында мексикалық боксшы Норберто Гонсалесті жеңіп, "WBO NABO" және "WBA Inter-Continental" чемпиондық атақтарына ие болған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама