Қанат Ислам кіші Мейвезердің менеджерімен келісімшартқа қол қойды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

Эл Хеймон 2014 жылғы "Yahoo" нұсқасы бойынша бокстағы ең ықпалды 10 тұлғаның көшін бастаған болатын. АҚШ-тағы нөмірі бірінші менеджерлердің бірі, кәсіпқой бокстағы ең беделді «Showtime» телеарнасының иесі. Ол әлемнің мықты деген боксшыларымен жұмыс жасап, менеджері болып жүр. Атап айтар болсақ, олардың ішінде кіші Флойд Мейвезер, Амир Хан, Питер Куиллин сынды үздіктер бар. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов те Эл Хэймонмен бірге жұмыс жасап келеді.

Бұған дейін Эла Хэймон Олимпиада жеңімпазы, кәсіпқой бокста балқаштық барыс атанған Василий Жировпен, орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша жеңімпаз атанған Бейбіт Шүменовпен бірге жұмыс жасаған.

Қанат Ислам «Нельсон» промоутерлік компаниясымен жұмысын жалғастыра береді. Эл Хэймон боксшының келесі жекпе-жектерін ұйымдастыруға атсалысатын болады. Отандасымыз Жаңа жылға дейін тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама