Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін
Басылымның мәліметінше, Қытайдағы кездесу қазақстандық боксшының келесі жылдағы алғашқы жекпе-жегі болмақшы. Бұған дейін танымал меценат Бауыржан Оспанов Қанат Исламның кәсіби бокста әлемдік жетекші компаниямен келісімшарт жасасатынын, сонымен қатар қазақстандық боксшыға Америка мен Қытайда қызығушылықтың жоғары екенін айтқан.
Еске сала кетейік, Қанат Ислам 8 қарашада Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистамен кездескен еді. Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.