Қанат Ислам келесі жекпе-жегін қаңтар айында өткізеді
Сайт таратқан ақпарат бойынша, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 15 қаңтарға жоспарланған. 10-15 күннің ішінде кездесу туралы сұрақтың барлығы өз шешімін таппақ. Қазіргі таңда Қанат Ислам спорттық мансабындағы 21-ші жекпе-жегіне қызу дайындығын жүргізіп жатқанын айтқан. Әзірге қарсыласы белгісіз. Осыған дейін белгілі болғандай, бұл жекпе-жек Қытайда өтеді. Сондай-ақ, 2016 жылдың екінші жартысында бір кездесуін Қазақстанда өткізуді де жоспарлап отыр екен.
Осыған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы неге Майамиде жаттыққанды жөн санайтынын және америкалық менеджер Эл Хэймонмен алғашқы жұмысының бастамасы жайлы айтып берген де еді.
- Мен Майамиге барғалы үш жыл өтті. Маған ол жер өте ұнайды. Табиғаты және жаттығуға өте ыңғайлы. Ыстық та және суық та емес. Тамаша температура. Күніне екі мезгіл жаттығуға жұмсаймын,залда және таза ауада. Мен үшін тамаша жағдай жасалынған.
- Сіз танымал менеджер Эл Хэймонмен келісім шартқа қол қойдыңыз. Сіз алғашқы жұмысыңыздың бастамасы туралы не ойлайсыз?
- Мен осындай келісім шартты көп күттім. Маған басқа да нұсқалар ұсынылды, бірақ олардың ұсыныстары мені қанағаттандырмады. Эл Хэймонның бастапқы нұсқасы да мені қызықтырмады,бірақ кейін олар нұсқаны өзгертті. Содан кейін біз құжаттарға қол қойдық.
- Бұл құжаттарда қандай айырмашылық болды?
- Менің бастапқы промоутерлік компания қызметінен бас тартуды, тек Хэймонның командасымен жұмыс жасауымды өтінді. Мен келіспедім. Менің жекпе-жектерім әлемнің түрлі бөліктерінде өтуде, мәселен АҚШ,Колумбия... Ең алдымен, көп ұзамай Қытай мен Қазақстанда өтуі мүмкін. Ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Маған шайқас барысында барлық жағынан қолдау қажет,техникалық қызмет болсын. Мен жайдан жай өз командаммен ынтымақтастықты үзе алмайтынымды айттым. Екінші келісім ескерілді.