Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта нокаутқа түсірді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Әнұран шырқалып, бас төреші екі боксшыны ортаға шақырды. Қол алысып, жекпе-жек басталды. Қанат бірден шабуылға шығып, қарсыласын соққының астына алды. Доминика Республикасынан келген боксшы мұндай шабуылды күтпесе керек. Ес жия алған жоқ. Төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

-  Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің, - деп сөзін Қанат Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастады. 

Бұл жеңісімді қара орман халқыма арнаймын. Сіздер бар болсаңыздар, біздер бармыз. Осындай кештің өтуіне мұрындық болған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға алғысым шексіз. Осы жердің иесі, киесі біздерміз, - деді боксшы.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық 10 боксшы да жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама