Қанат Ислам ақпанда жұдырықтасатын болды
Қанат Ислам 21 қаңтар күні Плант-Ситиде (АҚШ) жекпе-жекке шығу керек болған. Кейін белгілі болғандай 25 ақпанға ауыстырылды.
Кейінгі уақыттағы Covid-19 пандемиясының өршуіне байланысты қаңтардағы іс-шарамызды 25 ақпанға ауыстыруды жөн көрдік. Билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлады бокс кешін ұйымдастырушылар.
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Орта салмақ дәрежесінде өтеді.
Джимм Келли 6 жыл бұрын бірінші орта салмақта WBO чемпиондық белбеуіне таласқан. Алайда Лиам Смиттен (30-3-1, 17 КО) техникалық нокаутпен жеңілген.