Қанат Ислам «WBO» рейтингінде үздік бес боксшының қатарына кірді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

Жаңарған рейтингте отандасымыз бесінші орында тұр. Ұйымның бұл салмақтағы чемпионы – мексикалық Сауль Альварес. Сондай-ақ үздік бестікке америкалық Деметриус Андраде, пуэрто-рикалық Мигель Котто, ұлыбританиялық Лиам Уильямс және аустралиялық Деннис Хоган енген.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда Патрик Аллотейге қарсы өткізген болатын. 12 раунд қорытындысы бойынша отандасымыз қарсыласынан басым түскен еді.

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 2017 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өткізеді деп күтілуде. Әзірге отандасымыздың қарсыласы белгісіз.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама