Қанат Ислам WBC рейтингінде үздіктер қатарынан шығып қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Today.kz

WBC ресми сайтында 2018 жылғы ақпан айының жаңарған рейтингін жариялады. Бұл тізімде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие отандасымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін ол өз дивизионында алтыншы орында тұрған, алайда WBC қазақстандықты өз рейтингінен алып тастаған соң үздік 15 боксшы қатарынан шығып қалған.

Қазіргі таңда Қанат Ислам бірінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көш бастап тұр. Өткен жылдың қараша айында бұл ұйым қазақстандыққа чемпиондық титулға міндетті үміткермен жекпе-жек тағайындаған болатын. Оның қарсыласы америкалық Джон Вера (18-0, 11 КО) болуы керек еді. Тараптар келіссөз жүргізген, бірақ америкалық боксшысының командасы Қанат Ислам жекпе-жектен бас тартты деген хабар таратты. Нәтижесінде 24 ақпанда Вера француз Мишель Соромен (31-2-1, 30 КО) кездесетін болды.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама