Қазақ кәсіпқой боксшысыҚанат Qazaq ИсламБүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде көш бастап келеді. WBA барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингті жаңартты. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат көш тізгінін сақтап қалды. WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық атағына ие отандасымыз 2017 жылдың қазан айынан бастап бірінші орында келеді. Qazaq бақ сынайтын салмақта WBA cуперчемпиондық атағы кубалықЭрисланди Лараға, ал тұрақты чемпиондық атақ аргентиналықКарлос Брайан Кастаньоеншісінде. Ал үздік рейтинг үштігінде Қанаттан кейін америкалықДжон Верамен французМичел Сороорналасқан. Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалықДжон Вераарасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалықБрэндон Кукты(18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалған-ды. Жаңарған WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақтаИса Ақбербаев10-орында тұр. Жартылай орта салмақтаЖанқош Тұраров12-орында болса, жеңілірек салмақтаЖанат Жақиянов5-орында келеді.