Қанат Ислам WBA бокс сериясында 24 сатыға жоғарылады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Бүгінде Қанат Ислам кәсіпқой бокс сериясының әлемдік рейтингінде 82-ші орында келеді. Ал орта салмақ дәрежесінде үздік ондыққа кіріп отыр. Танымал Boxrec.com порталы отандасымыз Қанатты қарқынды түрде дамып келе жатқан үзік боксшылардың тізіміне енгізген екен. 23 мамыр күні Франсиско Кордероны үшінші раундта жеңген Қанат Ислам WBA бокс сериясында өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.

Қандасымыз осы жылдың соңына дейін WBA бокс сериясындағы орта салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа таласуды көздеп отыр. Естеріңізге салар болсақ, Қанат Ислам өзінің барлық 17 кездесуінде жеңіске жетіп, оның ішінде 14 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Жерлесімізге алдағы кездесулерінде тек қана жеңіс тілейміз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: kazakia.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама