Қанат Ислам 2018 жылы WBO чемпиондық атағына таласуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

- Егер WBO белбеуінің қазіргі иегері Мигель Кото Садам Әлиді жеңіп, мансабын аяқтайтын болса, онда оның чемпиондық белбеуі бос қалады. Бұл жағдайда WBO кеңесі бірінші орта салмақта чемпиондық жекпе-жек ұйымдастыруы керек. Менің ақпаратым бойынша, бұл Қанат Ислам мен Лиам Смит арасындағы кездесу. Ол 2018 жылы Англияда өтеді", - дейді Барбоза. 

Айта кетейік, Лиам Смит 2016 жылдың 17 қарашасында Арлингтон (АҚШ) қаласында Сауль "Канело" Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, бірінші орта салмақтағы WBO белбеуінен айырылып қалды. 

Бұған дейін Қанат Исламның командасы болса бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы британдық боксшы Келл Брукпен (36-2, 25 КО) кездесуге дайын екенін айтты. Бірақ кейіннен Бруктың командасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

33 жастағы Қанат Ислам қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Кукты жеңді.

Кәсіпқой боксшы кеше (25-0, 20 КО) "Жыл таңдауы" жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы марапатын иеленді.

Алматыда өткен салтанатты кеште Қанат Ислам "Қазақстандағы №1 жыл таңдауы" жобасында "Алтын Адам" сыйлығының лауреаты атанып, "Жыл спортшысы" атағын алды.

- Мен үшін ең бастысы - елімнің тәуелсіздігі. Біздің ел өзінің тәуелсіздігімен көпшілікке кеңінен танылды. Шаршы алаңда, туымды көтеріп, бүкіл әлемнің алдында әнұранымды айтқаннан асқан бақыт жоқ", - деді Қанат Ислам. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама