Канадалық кәсіпқой боксшыДавид Лемье Геннадий ГоловкинменСауль Канело Альваресарасындағы бокс кешінің андеркартында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол ирландиялық боксшыГэри О'Салливандыбірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам соққылар жасап, екеуі де алға ұмтыла түсті. Кезекті соққы алмасу кезінде Давид қарсыласын дәл күтіп, шапшаңдық танытты. Оның сілтеген жұдырығы қарсыласына дәл тиіп, ирландиялық боксшы нокаутқа түсті. Гэри О'Салливанның ес жия алмағанын байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты. Давид Лемье жеңісінен кейін бірінші орта салмақта WBA (Super) чемпиондық атағына міндетті қарсылас атанды. Ал бұл атақ Геннадий Головкиннің еншісінде. Бүгін Сауль Альвареске қарсы кездесуінде қорғайтын болады. Айта кетейік, Давид ЛемьеГеннадий Головкинменжұдырықтасқан боксшылардың бірі. Отандасымыз канадалықты 8 раундта нокаутпен жеңген болатын. Гэри О'Салливан да Генамен жұдырықтасқысы келетінін, тіпті оңай жеңетінін де айтып жар салып жүрген боксшылардың бірі болатын.