Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Қамшыбек үш раундта да қарсыласына басымдығын таныта білді. Төрешілер бірауыздан (5:0 есебімен) жеңісті қазақ боксшысына берді. 

Финалда қазақ боксшысы әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовпен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама