Жылдың үздік жартылай қорғаушысы анықталды

О Сансызбай Корреспондент

Сауалнама қорытындысы бойынша 2013 жылғы премьер-лига маусымындағы үздік жартылай қорғаушы болып Рохер Каньяс танылды. Колумбиялық футболшы «Шахтер» сапында өзін жаңа қырымен таныта білді. Еуропа Лигасында да екі бірдей 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Өзіндік ойын өрнегімен көзге түскен Рохер жақында украиналық клуб сапына ауысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін премьер-лигадағы клубтардың бас бапкерлері дауысы бойынша жылдың үздік қақпашысы болып Андрей Сидельников, ал үздік қорғаушы атағын Никола Василевич иеленген еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама