Жүзден жүйрік шыққандар. Қазақстанның үздік футболшысы кім?
Қыздар футболы, жағажай футболы, футзал және футбол үш лиганың үздіктерін марапаттау салтанаты өтті. Жылдың үздік ойыншысы "Астананың" жейдесін киген Марин Томасов атанса, "Қайсарды" жаттықтырған Стойчо Младенов үздік бапкер болды. Сондай-ақ Тоқтар Жаңғылышбайдың "Астана" қақпасына соққан голы жыл үздігіне лайық деп таңдалды. Ал 19 голдан соққан Адеринсола Эсеола ("Қайрат") мен Марин Томасов ("Астана") жылдың үздік сұрмергендері атанды.
Номинация жеңімпаздары:
► Қыздар футболы
Үздік сұрмерген – Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт", 26 гол)
Үздік бапкер – Калоян Петков ("БИІК-Қазығұрт")
Үздік ойыншы - Адиля Вылданова ("БИІК-Қазығұрт")
► Жағажай футболы
Үздік сұрмерген – Баянбек Муралинов ("Арман", 17 гол)
Үздік бапкер – Болат Аленов ("Арман")
Үздік қақпашы – Виктор Чорный ("Арман")
► Футзал
Үздік сұрмерген – Эвертон ("Жетісу", 33 гол)
Үздік бапкер – Рикардо Кака ("Қайрат")
Үздік ойыншы – Қайрат Иманалин ("Ақтөбе")
► Екінші лига
Үздік сұрмергендер – Матвей Герасимов ("Шахтер М") және Арсен Елемесов (СДЮШОР №8) – 17 голдан.
Үздік бапкер – Фархадбек Ирисметов ("Қыран М")
Үздік ойыншы – Матвей Герасимов ("Шахтер М")
► Бірінші лига
Үздік сұрмерген – Айдос Тәттібаев ("Каспий", 19 гол)
Үздік бапкер – Әли Әлиев ("Қызыл-Жар СК")
Үздік ойыншы – Айдос Тәттібаев ("Каспий")
► Премьер-лига
Үздік қақпашы – Дмитрий Непогодов ("Ордабасы")
Үздік қорғаушы – Дмитрий Шомко ("Астана")
Үздік жартылай қорғаушы – Бауыржан Исламхан ("Қайрат")
Үздік шабуылшы – Абат Айымбетов ("Ақтөбе")
Үздік сұрмергендер – Адеринсола Эсеола ("Қайрат") және Марин Томасов ("Астана") – 19 голдан.
Үздік ойыншы – Марин Томасов ("Астана")
Үздік бапкер – Стойчо Младенов ("Қайсар")
Маусымның үздік голы – Тоқтар Жаңғылышбайдың ("Ордабасы") "Астана" қақпасына соққан голы.
Қазақстан Ұлттық құрамасының үздік ойыншысы – Бауыржан Исламхан
Арнайы номинациялар:
Әйелдер футболы мен оның инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін – БИІК компаниясының президенті Әбдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы;
Әйелдер футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева;
Әуесқой футбол мен инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін – Нұр-Сұлтан қаласының "Сайран Арена" директоры Қожахметов Талғат Сайранұлы;
Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов;
Футзалды дамытуға қосқан үлесі үшін – футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов;
Балалар және жасөспірімдер футболы мен инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін – "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесі төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы;
Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы;
Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория;
Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі үшін – Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Самат Смақов.