Журналист арулар жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент

Өткен жылы бұқаралық ақпарат құралдары аруларын еліміздің әр өңірінен жиналған сұлулар 2:1 есебімен жеңіп кеткен болатын. Бұл жолы журналистер есесін қайтарды. Есеп 4:0 нәтижесімен бұқаралық ақпарат құралдары аруларының пайдасына шешілді. Кездесуде "Хабар" арнасының спорт шолушысы Еркежан Нұрпейісова хет-трик авторы атанса, соңғы доп Диляра Азанбекова (Sportinfo) еншісіне жазылды. 

- Журналистер басымдығын байқатты. Дегенмен біз де беріспедік. Мұны тіземізге түскен аздаған жарақаттардан байқауға болады. Жарақат жазылар, ал біз сенімді, қарсыласпен тең дәрежеде өнер көрсеттік деп ойлаймын. Бір рет журналистер жеңді, бір рет біз жеңгенбіз – деді «Ақтөбе Аруы» Нұргүл Сәлімова.

Естеріңізге сала кететін болсақ, "Қазақстан Аруы-2013" байқауының ақтық сыны 5 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: total.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама