Жүкембаев ең ұзаққа созылған жекпе-жегінде жеңіске жетті
Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу жоспарланған 10 раундқа созылды. Сондай-ақ екі боксшы арасындағы шаршы алаңдағы шайқас - бокс кешіндегі басты жекпе-жек болды.
Батыр Жүкембаев төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл оның кәсіпқой бокста ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.
Айта кетейік, бастапқыда қазақстандық боксшы мексикалық Карлос Химнеспен жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласы жұдырықтасуға бірер күн қалғанда шаршы алаңға шығудан бас тартқан еді.
Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрзат Сабыров та жекпе-жек өткізді. Ол аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен ұтты.