Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Батыр жекпе-жекке шақырған доминикандық боксшы кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. 23 рет шаршы алаңға шығып, бәрінде қарсыласынан басым болған.
"Маған жартылай орта салмақтағы WBC чемпиондық атағы керек. Альберто Пуэльо, осы жекпе-жекті өткізейік, – деп жазды боксшы.
Қазақстандық боксшы өз жазбасында WBC ұйымының ресми аккаунтын, президенті Маурисио Сулейман мен ProBox TV арнасын белгілей кеткен.
Айта кетейік, Батыр Жүкембаев 22 мамыр күні Плант-Ситиде (АҚШ) украиналық Иван Редкачпен жұдырықтасып, қарсыласын 5-раундта нокаутпен жеңген болатын.