Жомарт Ержан бірінші болып әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Ширек финалда ресейлік боксшы Василий Егоровпен кездескен отандасымыз қарсыласына басымдығын таныта білді. Аңдысын тауып, сәті келгенде дәл соққыларын дарыта білді. Ал қарсыласының соққысынан сытылып шығып, Василийдің қолы ауа қармаумен болды.

Жомарт Ержан жартылай финалда кубалық боксшы Хоанис Архилагоспен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Василий Егоров 2015 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Екі дүркін Еуропа чемпионы атағына ие боксшы еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама