"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото ©️ fk-jetisu.kz

"Сот шешімімен Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды", - делінген соттың хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та "Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Оның ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Еске салайық, 30 мамырда Антикордың Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізгені хабарланған болатын. Мемлекет қаражатын ұтымсыз жұмсауға және ұрлауға ықпал еткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама