Жеребе дүйсенбі күні тартылады

О Сансызбай Корреспондент

Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына шыққан барлық командалар анықталды. Енді олардың жеребе алдындағы себеттері де белгілі болды. Себеттер командалардың топта алған орындарына қарай жасалды. Топта бірінші орын алған командалар алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізеді.

Бірінші себет: «Манчестер Юнайтед», «Реал», ПСЖ, «Бавария», «Челси», «Боруссия», «Атлетико», «Барселона».

Екінші себет: «Байер», «Галатасарай», «Олимпиакос», «Манчестер Сити», «Шальке-04″, «Арсенал», «Милан», «Зенит».

Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 24 команда анықталады. Ал Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 команда кеше белгілі болды. Олар: «Ювентус» (Италия), «Шахтер» (Украина), «Порту» (Португалия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Наполи» (Италия), «Аякс» (Голландия), «Базель» (Швейцария), «Бенфика» (Португалия).

Негізінен Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының жеребе тастау рәсімі 13 желтоқсанға жоспарланған болатын. Алайда бұл күні УЕФА кезектен тыс мәжілісін өткізуіне байланысты, жеребе 16 желтоқсанға шегерілді. Жеребе еурокубок тарихында дүйсенбі күні алғаш рет өтейін деп тұр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: dynamo.kiev.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама