"Жекпе-жек жақындады". Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа жетті
Qazaq style екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа жетті.
Лас-Вегасқа аман-есен жетіп алдық, - деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Қазақстандықтар Жәнібектің жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады. Qazaqstan және QazSport арналары бокс кешінен хабар тарататын болады. Боксшы кеше ғана жылдам нокаут болатынын айтқан еді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылдың қазан айында жекпе-жекке шыққан еді.