Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

Жайна Шекербекова ширек финалдағы жекпе-жегін сәтті өткізді. Отандасымыз қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Азиза Нимани бірінші айналымда әйгілі үнді боксшысы Мэри Комды ұтқан болатын.

Бүгін шаршы алаңға шыққан боксшылар қатарынан Зарина Цолоева (64 келі) мен Виолетта Князева (75 келі) ғана жартылай финалға өте алмады. Ал Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Ходжабекова (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі) мен Ләззәт Күнгейбаева (81 келі) жартылай финалға шықты.

Бокстан әйелдер арасында Олимпиада бағдарламасына үш салмақ дәрежесі ғана енген. 75 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасында жолдама бар. Қытайда өткен іріктеу турнирінде Дариға Шакимова жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Бүгін бұл қатарды 51 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова толықтырды. Ал 60 келіде жолдама бұйырмады. Қытайда өткен іріктеу турнирінде Назым Ищанова жолдамасыз қалса, Астанада Римма Волосенко үмітті ақтамады.

Астанадағы әлем чемпионаты 27 мамыр күні мәресіне жетеді. Дүниежүзілік додаға 67 мемлекеттен 285 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, бокстан ерлер құрамасы тамыз айында өтетін Олимпиада ойындарына алғаш рет толық құрамда қатысады. Қазіргі таңда боксшылар төртжылдықтың басты додасы алдындағы дайындықтарын шыңдауда.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама