Жасұлан мен Жазира ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберлері атағына ие болды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни де құрметтен құр қалған жоқ. Бапкер пен жаттықтырушы-кеңесші Энвер Туркелери дене шынықтыру ісіне қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Осыған дейін, Алматыдағы 81-ші әлем чемпионатында топ жарған спортшы 15 000 АҚШ долларын, күміс жүлдегер – 7 000 АҚШ долларын, ал қола жүлдегер – 5 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатынын хабарлаған болатынбыз. Бүгін спортшылар мен бапкерлерге де уәде етілген сыйақылар берілді. Сонымен қатар, еліміздің абройын асқақтатқан ауыр атлеттерге облыс басшылары да ерекше сый жасауда. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Илья Ильинге жол талғамайтын көлік сыйласа, ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Жазира Жаппарқұлға 3,5 миллион теңге сыйға тартты. Ал Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев та Жасұлан Қыдырбаевқа көлік кілтін табыстаған-ды.
Сурет: өңделген