Жастар құрамасына жаңа бапкер келді
Бас бапкер спорттық мансабында «Каунас» командасымен Литваның 3 дүркін чемпиондығы атағына қол жеткізсе, 2011-2012 жылдағы маусымда «Ақжайық» командасын баптаған.
Қазақстан жастар құрамасы Саулюс Ширмялистің басшылығымен 9-22 қаңтар аралығында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Артынша, 23 қаңтар күні командамен бірге «Достастық кубогы» аясында Санкт-Петербургке аттанатын болады. Ал біз осыған дейін, «Достастық кубогындағы» қарсыластар туралы хабарлаған болатынбыз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: prosportkz.kz