Жастар құрамасы бапкері қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент

2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуін сәтті-ақ бастап еді. Алайда соңғы кездесулерінде Қазақстан жастары тек жеңілістен көзі ашылмады. Бұл бас бапкердің қызметінен кетуінің басты себебі де болды.

Сергей Боровскийдің орнына оның көмекшісі Андрей Ферапонтов тағайындалды. 38 жастағы маман ұзақ жылдар бойы «Цесна» футбол мектебінде бапкерлік қызмет атқарса, кезінде тарқатылып кеткен «Алматы» командасының жаттықтырушылар құрамында болған. 2012 жылы «Іле-Сәулет» футбол клубының бас бапкері қызметінде жүріп, командамен бірінші лига чемпионы атанған екен.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында беларус жастарынан жеңіліс тапқан болатын. Енді құрама тізгінін ұстаған бас бапкер Андрей Ферапонтов жұмысына табыс тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportkz.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама