Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайтын 18 спортшы
Қазақстан құрамасы Лиллехаммердегі додаға 10 спорт түрінен қатысады. Қазақстанның еншісіндегі 18 жолдамаға еліміздің 10 облысының спортшылары иелік еткен.
Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың ішінде мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен жас биатлоншы Арина Пантовадан медаль күтетініміз жасырын емес. Элизабет қазірдің өзінде бірнеше халықаралық жарыста жүлдеге ие болған. Ал Арина биатлоннан 2016 жылғы жасөспірімдер арасында чемпион атанған.
Лиллехаммерге баратын спортшылар:
Биатлон: Арина Пантова (Павлодар), Евгений Красикова (ШҚО), Дарьни Иван (ШҚО), Жанболатов Берік (Алматы облысы).
Конькимен жарысу: Мухамедеев Анвар (Алматы), Громова Мария (СҚО)
Шаңғымен жарысу: Лювт Иван (ШҚО), Тарасева Анастасия (ШҚО)
Мәнерлеп сырғанау: Тұрсынбаева Элизабет (Қызылорда)
Трамплиннен секіру: Ткаченко Сергей (ШҚО)
Шорт-трек: Нагай Анита (БҚО), Шамуханов Еркебұлан (Атырау)
Тау шаңғысы: Карпова Екатерина (ШҚО)
Фристайл: Сапимова Айжан (Алматы), Қайрат Олжас (Алматы)
Шана спорты: Богачева Анастасия (Алматы), Ефремов Роман (Алматы), Татьяминченко Денис (Алматы).
Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Инсбрукте (Австрия) болған алғашқы жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан бір күміс, екі қоламен 23-орын алған еді. Күміс пен қоланы биатлоншы Галина Вишневская иеленсе, бір қоланы шаңғышы Сергей Малышев еншілеген.
Дереккөз: alaman.kz