Жас “классик“ балуандар әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Жас “классик“ балуандар әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтты
Фото ©️ UWW

Бұл күндері күрес түрлерінен Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Грек-рим күресінен боз кілемге шыққан отандастарымыз бірде-бір жүлде иелене алмады, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

"Классик" балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Құрама атынан кілемге соңғы болып Бағлан Қуаныш шықты. 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшының қола алуға мүмкіндігі болған еді. Алайда жұбаныш айналымының бірінші жекпе-жегінде ол түркиялық қарсыласы Самет Ялдыраннан жеңілді - 2-3.

Бүгін 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсеке өтіп жатыр. Одан кейін еркін күрес балуандары жарысты жалғайды. Олардың қатарында әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар.