Бұл күндері өзбек елінің астанасы Ташкентте кадеттер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын 1 күміс 1 қола медаль түсті. Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Дінмұхамед Қошқар қарсыластарының барлығын жеңіп, Азия чемпионы атағына қол жеткізді. 55 кг салмақ дәрежесінде белдескен жас қазақ балуаны финалда өзбек спортшысы Әмірбек Солтановтан басым түсті. Ирандық Саджад Жавидтен 4:7 есебімен жеңілген Исхар Курбанов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ қола медальді 45 келідегі Мақсат Ерманов жеңіп алды. Мақсат үшінші орын үшін болған белдесуде қытай балуанын 12:1 есебімен ұтты. Жарыс 13 мамырға дейін жалғасады.