Қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов XVIII жазғы Азия ойындарында жүлделі орынға іліге алмады. 60 кг-ға дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бірінші кездесуінде индонезиялық Мұхаммед Лювисті иппонмен жеңді. Екінші белдесуінде Солтүстік Корея елінен келген Джи Ёнг Анға жол берді. Осы белдесуде жарақат та алып қалды. Жұбаныш белдесуге мүмкіндік алғанмен, жарақатына байланысты қытайлық дзюдошымен өтетін кездесуіне шыққан жоқ. Бүгін төрт дзюдошымыз татамиге шыққан.Қыздар арасындаКәмшат Қарасайқызыалғашқы белдесуінде солтүстік кореялықРим Сонг Сингежол беріп, жарысты аяқтады. АлГалбадрах Отгонцэцэгжартылай финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері жапон дзюдошысыАми Кондоданжеңілді. Төрешілер қазақстандық дзюдошының бірнеше әдісін есепке де алмаған сәттер болды. Қола жүлде үшін қытайлық Яо Ксионгпенбелдеседі. 66 кг-ға дейінгі салмақтаЕлдос Жұмахановта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде жапон дзюдошысыЙоширо Мариомоменкездесіп, қарсыласынан айласын асыра алмады. Алда қола жүлде үшін катарлық Аюб Елдриссимен белдеседі.