Жапониялық мамандар қазақстандық спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді
Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
- Академияда оқу-жаттығуларымен қатар, шетелдік мамандармен бірлесе отырып, халықаралық шеберлік сабақтары да өтеді, - деген болатын Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков академияның ашылу салтанатында.
Айта кетейік, халықаралық талаптарға сай дзюдо академиясы мамыр айында ашылған болатын. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал мен жаттығу залы бар. 100 адамға арналған жатақхана мен асханасы бар. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, дзюдо күресіне енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығатын болады.