Жапониядағы жарысқа 10 дзюдошымыз қатысады
Күншығыс еліндегі жарыста 10 дзюдошымыз бақ сынайды. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг те бар.
Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Багтбергенов (-73 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, "Grand Slam" жарысында жеңімпаз атанған спортшыларға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылады. Екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.