Жапония баскетбол қауымдастығы қатаң жазаланды

О Сансызбай Корреспондент

«Күншығыс елінің» қатал жазалануы жайдан-жай емес. JBA халықаралық баскетбол федерациясының үндеуі мен өтінішін қанағаттандырмай отыр. Себебі, Жапонияда ішкі біріншіліктің өткізілуі бірізді жолға қойылмаған. Елдегі екі лига да бір-біріне тәуелсіз жұмыс атқарып келеді. Бір-бірін мойындамайды. Ал ұлттық құрама болса, 2020 жылдан кейін алдына белгілі бір жоспар құрып отырған жоқ. Осының бәрін ескерген FIBA Жапонияны жазадан тыс қалдырмады.

- Өкінішке орай, FIBA қатаң шешім қабылдауға мәжбүр болды. Жапония баскетбол қауымдастығына ішкі біріншілігін тұрақты, әрі бірізді жүйеге қосу үшін талай ескертулер берілді. Бірақ, орындалмады. Нәтижесінде, жазалаудың да уақыты жетті, - деді FIBA бас хатшысы Патрик Бауманн.

Қазіргі таңда Жапония баскетбол қауымастығын бұрынғы премьер-министр Таро Асо басқарып отыр. Елдің спорт жанашырлары басшының екі лиганы біріктіру жобасын қолға алар емес. Екі лига да бірігуге қадам жасап отырған жоқ.

Айта кетейік, Жапония 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын  қабылдайды. Егер оған дейін FIBA жарылқап, Жапония жазасын кешер болса өз еліндегі додаға қатысатын болады.

Сурет: zimbio.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама