Жапондар Денис Тенге шүйлігіп отыр

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

"Kyodo News" порталы таратқан ақпарат бойынша, Юдзуру Ханю қазақстандық спортшыны жаттығу кезіндегі қақтығысы үшін айыптаған.

- Мен бейнежазбаны қарадым, және ол бұл әрекетті әдейі жасады деп ойлаймын. Бірақ ол үшін Дениске өшікпеймін. Өшігудің еш маңызы жоқ - деп мәлімдеген жапон спортшысы. 

Сондай-ақ, Жапония мәнерлеп сырғанау қауымдастығы Денис Теннің «қылығына» байланысты Халықаралық мәнерлеп сырғанау қауымдастығына (ISU) шағым түсірмек екен.

Айта кетейік, Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Денис Тен 12-орында тұр. Ал Юдзуру Ханю 110,56 ұпаймен көш бастап келеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама