Жансая халықаралық гроссмейстер атанады
Үстіміздегі жылдың маусым айында Жансая қыздар арасындағы халықаралық гроссмейстердің нормасын орындады. Осылайша жерлесіміз қытайлық Хоу Ифаньнің алдына түсуге мүмкіндік алып отыр. Ифань 2007 жылы гроссмейстерлік норманы орындаған кезінде 12 жас 11 айға толған болатын. Ал 2000 жылдың 12 қаңтарында туған жерлесіміз норманы орындаған кезде 12 жастан 5 айға асып кеткен болатын.
Шахматшы қазргі кезде FIDE-нің (Federation Internationale des Echecs) анық шешімін күтіп отыр.
Айта кетелік, Жансая Әбдумәлік оқушылар арасында да, юниорлар арасында да екі дүркін әлем чемпионы. Ол, сонымен қатар, юниорлар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Фото Владимир Дмитриев©