Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласында өткен VII Open Internacional Llucmajor халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.Жарысқа 22 елден 138 шахматшы қатысты. Жансая қыздар арасында 9 ұпайдың 6-н иеленіп, алтын медаль еншіледі.Жарыс қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік FIDE-нің әлемдік рейтингінде 2488 ұпаймен 16-орынға жайғасты.