Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастады
Қазіргі таңда Жансая шахматтың үш түрі бойынша да Эло рейтингінде үздіктер тізімінде алға шыққан. Атап айтар болсақ, "классика", рапид (жылдам шахмат: уақыты шектеулі партия) және блиц (жылдам ойын) бойынша үздік атанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін бірде-бір қазақстандық шахматшы әлемдік бұл рейтингте шахматтың үш түрі бойынша бір мезетте көш бастамаған. Сондықтан Жансаяның жетістігін тарихи деп бағалауға болады.
Жансая Әбдімәлік 2018 жылдың желтоқсан айында өткен әйелдер арасындағы жылдам шахматтан әлем чемпионатында 6-орын алған болатын.