Жанқош Тұраров салмақ өлшеуде сес көрсеткен қарсыласын төртінші раундта ұтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Жекпе-жекті қос боксшы аса сақ бастады. Жаттықтырушылар тапсырмасы солай болса керек-ті. Бір-бірінің аңдысын күтті. Екінші раундтан бастап Жанқош шабуылға шыға бастады. Бірнеше соққыларын дөп тигізіп, қарсыласын қыспаққа ала білді. Ал үшінші раундтан бастап отандасымыз бірінші нөмірмен жұдырықтасуға көшті. Қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуып, қыспаққа ала бастады. 

Төртінші раундта Айсек Арие екі рет нокдаун алып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, қос боксшының салмағы 66 келі болған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама