Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпаратқа алғаш рет жауап берді
"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын.
Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", - дейді Тұраров.
Еске салайық, бұған дейін желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады. Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Письма президенту" телеграм арнасында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады.
Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!