Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін созылды. Қазақ шапанын киіп шыққан аргентиналық боксшы Жанқоштың жойқын соққыларын төтеп бере білді. Шаршы алаңда ширақ қимылдап, қарсыласынан қаймықпаған қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсірмесе, жеңіске жеткені төрешілер шешімі шықпай тұрып-ақ көзге ұрып тұрды.

Жанқош жекпе-жек кезінде сол қолын сындырып алса да, жеңіске бастар жолды таба білді. 

Айта кетейік, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук жұдырықтасады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама