Жанқош Тұраров қарсыласының бәрін “ұйықтатқан“ нокаутшымен айқасады
All Stars boxing мәліметінше, 33 жастағы қазақстандық боксшы 28 қыркүйекте жеңіліп көрмеген және қарсыласының бәрін нокаутқа түсірген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл айқас Almaty Arena шаршы алаңында өтеді.
Жанқош былтыр желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңді. Осының арқасында ол IBO белбеуін қорғап қалды және WBA Gold титулын иеленді.